Қазіргі уақытта ашық жалын жоқ
ШҚО-да орман шаруашылығы аумағынан тағы өрт шықты
1,010
оқылды

Шығыс Қазақстан облысындағы орман аумағында өрт шықты.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1 шілдеде Ұлан ауданында орналасқан Приморск орманшылығындағы таулы жерде өрт шықты. Орманшылар мен өрт сөндірушілер шұғыл түрде сол жерге келіп жетті.

«Бұл жартасты жерде шамамен 0,7 гектар аумақта шөп жанып жатыр. Қазіргі уақытта ашық жалын жоқ. Өрт орнына техникамен жету мүмкін емес. Сондықтан техника таулардың етегінде мүмкіндігінше жақын жерге тоқтады. Орманшылар мен өрт сөндірушілер тау беткейлерін еңсеріп, рюкзакты өрт сөндіргіштердің көмегімен тілсіз жаумен күресуде», - делінген ақпаратта.