Қазақстандық полицейлер жоғалған көлікті тауып берген.
Ресей тұрғыны ұрланған көлігін тауып берген қазақстандық полицейлерге алғыс айтты
2,114
оқылды

Ресей азаматы ұрланған көлігін тауып берген қарағандылық полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Polisia.kz-тің дерегінше, Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Әділовтің атына (Санкт-Петрербор қаласы) «АвтоКосмос» акционерлік қоғамының директоры Олег Федоткиннен хат келді. 

 

«Өз атымнан және қауіпсіздік қызметінің басшысы Сергей Яреманың және мекеме қызметкерлерінің атынан Қарағанды облыстық Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының взвод командирі Азамат Байдуринге, қызмет инспекторлары Титек Кишкендаевқа және Дамир Құдайбергеновке сауатты және кәсіби қызметтері үшін алғыс айтамын. Олардың кәсіби шеберлігінің арқасында біздің компаниядан ұрланып, кейін сатып жібермек болған BMW 520DX DRIVE автокөлігі табылды.

19 ақпан күні аталған автокөліктің ұрлануы бойынша Санкт-Петербор қаласы Василеостров ауданының тергеу басқармасында қылмыстық іс қозғалған. Қарағанды полицейлері өздеріне түскен ақпарат бойынша жедел әрекет етіп, ұрланған көлікті тасымалдап бара жатқан эвакуаторды ұстады. Біз олардың адал қызметтеріне және өзгенің мүлкіне жанашырлық танытқанына алғысым шексіз, – деп жазылған хатта. 

Бұған дейін халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.