Борышкерлердің қарызын төлетуге мәжбүрлейтін жеке сот орындаушылар қызметі үшін ақы алады.
Жеке сот орындаушылар әр қарыздан қанша пайда табады?
2,817
оқылды

Әділет министрі Азамат Есқараев жеке сот орындаушыларының қызметіне төленетін ақы мөлшерін бекітті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қазақпараттың»  жазуынша, енді жеке сот орындаушылардың қызметіне мына мөлшерде ақы төленеді:

мүліктік (ақшалай) сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін мынадай сомалар бойынша:

– 60 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 25 пайызы мөлшерінде;

– 60 АЕК-тен 300 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 20 пайызы мөлшерінде;

– 300 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 15 пайызы мөлшерінде;

– 1 000 АЕК-тен 5 000 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 10 пайызы мөлшерінде;

– 5 000 АЕК-тен 10 000 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 8 пайызы мөлшерінде;

– 10 000 АЕК-тен 20 000 АЕК-ке дейін болса – өндіріп алу сомасының 5 пайызы мөлшерінде;

– 20 000 АЕК-тен жоғары болса – өндіріп алу сомасының 3 пайызы мөлшерінде.

мүліктік емес (ақшалай емес) сипаттағы атқарушылық құжаттар үшін:

– шығару және үйге орналастыру, борышкерді белгілі бір әрекеттер жасауға немесе оларды жасаудан тартынуға міндеттеу туралы атқарушылық құжаттар бойынша – жеке тұлғалардан 50 АЕК, заңды тұлғалардан 100 АЕК;

– талап қоюды қамтамасыз ету, мүлікті тыйым салудан босату және өзге атқарушылық құжаттар бойынша – жеке тұлғалардан 10 АЕК, заңды тұлғалардан 20 АЕК;

– баламен қарым-қатынас жасау тәртібі туралы – жеке тұлғалардан үш ай сайын 20 АЕК мөлшерінде.

мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар үшін:

– алименттерді өндіріп алу және жарақаттанудан немесе денсаулықты өзге де зақымдаудан келтірілген зиянды өтеу туралы, өндіріп алу сомасының 1 АЕК мөлшерінде.

Бұйрық 10 шілдеден бастап күшіне енеді.