Биыл 2 шілде күні Қонаев гарнизонының әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жатқан қатардағы жауынгер Б. қашып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қатардағы жауынгер қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін әскери қарауылмен әскери бөлімнің орналасқан жеріне қайтып бара жатқан кезде белгісіз бағытта қашып кеткен.
«2023 жылғы 3 шілдеде ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери полицияның әскери қызметшілері ұйымдастырған бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткен мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Б. орналасқан жері анықталды. Әскери қызметші қызмет атқаратын орнына жеткізілді. Аталған факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр», – делінген Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.
Бұған дейін жауынгерден таяқ жеген заңгерлердің арыз-шағымы туралы жазған болатынбыз.