Tomiris жобасының қатысушысы, Астана қаласы мәслихатының депутаты, «Әдемі-ай plus» ЖШС басшысы, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Бахаргүл Төлеген бағдарлама туралы өз ойын бөлісті.
Tomiris жобасының жеңімпазы Бахаргүл Төлеген Астанада көрме өткізді
1,266
оқылды

Ол әйел көшбасшылығына қатысты пікірін айтып, Tomiris жобасының басты құндылығын атап, оқудың кәсіби және саяси қызметіне қалай әсер еткенін жеткізді.

20 жылдан астам уақыт бойы Бахаргүл Төлеген қазақ халқының бірегей көне бұйымдарын жинап, оны қоғамға көрсетіп, сонымен қатар ұлттық нақыштағы заманауи киім үлгілерін өндіріп жүр.

«Tomiris» жобасына қатысқаннан кейін Бахаргүл Төлеген партиялық тізім бойынша AMANAT партиясы атынан Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.

4 шілде күні Елорданың 25 жылдығына орай, Болашақ энергиясы мұражайында Бахаргүл Төлегеннің «Жауһар жәдігер» атты көрмесі өтті.

Көшбасшы әйелдерге арналған Tomiris жобасының екінші легіне іріктеу басталып кетті және ол 15 шілде, Астана уақыты бойынша 18:30-ға дейін жалғасады.

Өтінім беру формасы мен толық ақпаратты профильдегі сілтеме арқылы алуға болады.

Фото: Ivan Melnik