Жаз айларында таңғы ас, түскі және кешкі ас жеңіл болуы тиіс. Таңғы асқа денеге қуат беретін көмірсулары көп тағамдар жеу керек. Жазда ішетін сусындардың түрлерін көбейту қажет. Ал, алкогольді мүлдем қолданбаған дұрыс. Сыра ішуге болады, ал, газдалған сусындардан бас тарту керек.
Жазда сыраны дұрыс ішу тәсілі анықталды
3,224
оқылды

Жаз айларында таңғы ас, түскі және кешкі ас жеңіл болуы тиіс. Таңғы асқа денеге қуат беретін көмірсулары көп бір немесе екі тілім нан немесе көкөніспен бәліш жеуге болады. Алма, қаражидек немесе таңқурай қосылған сұлы жармасынан жасалған ботқа да пайдалы. Пайдалы жаздық диетаны standartnews.com сайтында жарияланған мақала негізінде Aikyn.kz ұсынады.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Hinterhaus Productions

Диетологтардың айтуынша, 10:00 мен 16:00 сағат аралығы смузиге арналған уақыт. Жаңадан сығылған шырындардан гөрі смузидің артықшылықтары көп. Оларда глюкоза мен фруктоза мол болады. Бұл аралықта кофе немесе сүт ішкен дұрыс, балмұздақ жеуге болады.

Аптасына екі рет түскі астың майсыз болуын қадағалау керек – көкөніс көмештері, томат соусы қосылған спагетти, аздап қатты ірімшік жеген пайдалы. Дәнді және бұршақ дақылдары да жақсы қорытылады.

Жазда ақуыз тағамдарын – сүт өнімдерін, балық, жұмыртқа, ақ құс етін – аптасына бес рет қабылдау керек. Теңіз шаянын, мидия және кальмар сияқты теңіз өнімдері де бұл кезеңде рационда болуы керек. Сонымен бірге, қияр мен грек жаңғағы қосылған салқын йогурт сорпасы, салаттар, айран қосылған қуырылған кәдіні жиі пайдалануға кеңес беріледі. Диетолог ғалымдар жазда майонез қосылған салаттарды мүлдем қолданбауға кеңес береді. Мына видеода мамандар пайдалы кеңестер береді:

Ет өнімдерінен жазда ақ сорттарға артықшылық берген дұрыс. Оларда жануар майы мен холестерин аз. Қызыл етті тұтынуды азайтып, кешкі асқа ақуыз қосылған көкөністерді көбейткен жөн.

Профессор Байкова қуырылған картопты жаздық рационнан алып тастауға кеңес береді: 100 грамм пісірілген картопта 100 калория болса, қуырылған картопта 300 калория болады.

Әдетте адам 100 грамм емес, 300-ге жуық картоп жейді, сонда бірден 900 калорияны тұтынады. Ыстық кезде мұндай нәрлі тамақ организмге, ас қорыту жүйесінен бастап жүрекке де қосымша салмақ түсіреді.

Фото Depositphotos сайтынан алынды

Жазда ішетін сусындардың түрлерін көбейту қажет. Ал, алкогольді және алкогольсіз сусындарды төменгі мөлшерде жөнімен қолданған абзал. Тапа-тал түсте газдалған сусындардан бас тарту керек: су көмірқышқыл газының ерітіндісіне айналады және ағзадағы қышқылды көбейтеді.

Сондықтан, суға лимон, апельсин тілімдерін қосып қолдан жасалған лимонад немесе ақжелкен, таңқурай шырынын, басқа сумен араластырылған сироптар (жемістен емес) ішкен пайдалы. Мұндай сусындар организмді сергітеді және сілтілі орта түзеді.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Roberto Westbrook

Профессор Байкова алкогольді сусындарды көп сумен ішуге кеңес береді.

«Коктейльдердің құрамында аз ғана алкоголь және көптеген жеміс-жидек, көкөніс және шөп қоспалары болғаны жақсы. Коктейльдер мен сыралар жазға қолайлы сусындар. Сыраны ұнататын адамдар одан кейін бір стакан су ішуді ұмытпағаны жақсы. Алкогольді сусындар организмнен судың шығуына ықпал етеді. Сондықтан, сусызданудың алдын алу үшін су ішу керек», – деген кеңес береді профессор Донка Байкова.