Танымал журналист, тележүргізуші Армангүл Тоқтамұрат елімізде құмар ойынға тыйым салу қажет екендігін ашып айтты. Оның сөзінше, құмар ойыннан тіпті көршілес Өзбекстан және Қырғызстан елдері бас тартқан.
Ойын автоматына 1 200 000 теңге салған жігіттің әрекеті әшкере болды
8,988
оқылды

Тележүргізушінің айтуынша, Қазақстанда құмар ойынның жарнамасына да шектеу қойылмаған.

«Мына таксист жігіттің сөзінше, бір клиенті өткен 2 күн демалыста 1 млн 200 мың теңгені кредитке алып, лото клубтағы ойын автоматына салып жіберген. Алматы қаласының тұрғыны. 4 баласы бар. Масқара ғой! Осы бір жансыз автоматтың салдарынан қаншама адам бір сәтте барынан айырылып, талай шаңырақ шайқалып жатыр. Тамаққа ақша жоқ, бірақ, ойсыз ойынға қаржы табылады, ұрласа да. Себебі, бұл-тәуелділік, құмарлық, қауіпті дерт", - деп жазды Тоқтамұрат.

Ол еліміздің құмар ойындарға неге тыйым сала алмай отырғанын сұрайды. Мәселе талай айтылды, көтерілді. Президент те, проблемаға алаңдаушылық білдіріп, осы тұрғыда мемлекет тарапынан қабылданған шаралардың жеткіліксіз екенін ескерткен еді. Құзырлы органдар қозғалған болады. Бірақ, жұмыс жүйелі жүрмей жатқанда.

"Мысалы, көршілеріміз Қырғызстан мен Өзбекстанда құмар ойындарға тыйым салған. Қы­тай­да егер, онлайн-казино ойыншылары әшке­реленсе, онда олар бас бостан­дықтарынан айырылады. Тіп­ті­ демократия­сы дамыған Ко­рея­да да бұған қатаң тыйым салынған.

Ал, бізде құмар ойындардың жарнамасы жер жарып тұр. Ойын бизнесінен түсетін салық көлемі қомақты екенін бір жерден оқығанмын. Және байқасаңыздар, ірі спорттық іс-шаралардың демеушілері осы құмар ойындары. Сол себепті де, бұларға шектеу қойылмай отыр ма, түсіне алмадым. Қайтпек керек?», - дейді журналист.