Абдулла Сұлтан бин Ауад Әл Нуайми құқықтық саладағы екіжақты қатынастарды нығайтуға қызығушылық білдірді.
ҚР Бас прокуроры БАӘ-нің Әділет министрімен кездесті
900
оқылды

ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Біріккен Араб Әмірліктерінің Әділет министрі Абдулла Сұлтан бин Ауад Әл Нуаймимен кездесті.

Кездесуге Біріккен Араб Әмірліктерінің Әділет министрлігінің делегациясы, Қазақстанның Әділет министрі Азамат Есқараев, Сыртқы істер министрлігінің және Бас прокуратураның қызметкерлері қатысты.

Тараптар қылмыстық-құқықтық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың, атап айтқанда, іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялаудың, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетудің, терроризмге қарсы күрестің және елден заңсыз шығарылған активтерді қайтарудың бірқатар мәселелерін талқылады. 

Бас Прокурор Қазақстандағы негізгі заңнамалық реформалар, қадағалау органының басым бағыттары және халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты дамыту туралы хабардар етті.

Сонымен қатар ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды арттыруға қосымша серпін беретін бүгінгі кездесудің маңыздылығын атап өтті. 

Тараптар қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерге қарсы күресте әріптестік туралы уағдаластыққа қол жеткізді.