«Болашақ» бағдарламасы аясында құжаттарды қабылдаудың төртінші легі 17 шілдеден 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер мемлекеттік қызметтер порталы – eGov.kz арқылы онлайн қабылданады.
Биыл «Болашақ» стипендиясына үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді. Енді үміткерлер шет тілін меңгергенін растауы тиіс.
Ағылшын тілінде оқуға түсушілер төмендегі нәтиже бойынша IELTS сертификатын ұсынуы керек:
- квоталық санат бойынша 9.0-ден кемінде 5.0.
- өз бетінше түскендер санаты бойынша (магистратура, докторантура) 9.0-ден кемінде 6.0.
- тағылымдама санаты бойынша 9.0-ден кемінде 5.0.
Жалпы алғанда, биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.