Семейде 9 жасар қызды зорлаған педофилге үкім шықты, – деп хабарлайды abainewskz.
Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 9 жасар қызға сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық жасаған 48 жастағы ер адамға үкім шығарды.
Өзі мойындамағанына қарамастан оның кінәсі сараптама нәтижесімен және іс аясында жиналған басқа айғақтар арқылы толық дәлелденді.
Сотталушы 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың тамыз айында Абай облысында жантүршігерлік жағдай болған.
Баланың анасының айтуынша, кішкентай қызды көрші тұратын 48 жастағы ер адам зорлаған. Қыз ауыр жарақат алған.
Сотталушы үйленген, балалы-шағалы адам.