Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Елімізде оқулықтардың 80% цифрлық форматқа көшірілді
2,046
оқылды

Цифрлық нұсқадағы оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілген.

Оқулықтарды әзірлеуге еліміздің 11 баспасы тартылды. Пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу мақсатында педагогтер үшін әдістемелік ұсынымдар әзірленген.

«Қазіргі күні еліміздегі бастауыш сынып оқулықтарының – 94 пайызы, 5-9-сынып оқулықтарының – 81 пайызы, 10-11-сынып оқулықтарының 61 пайызы электронды нұсқаға көшірілді. 2024 жылы пәндерді цифрлық оқулықтармен 100% қамту жоспарланған», – дейді Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Электрондық оқулықтармен қатар мектептерде қосымша оқу материалы ретінде мультимедиалық контенті бар цифрлық білім беру ресурстары белсенді қолданылып келеді. Қазіргі күні 50 мыңнан аса цифрлық білім беру ресурсы жасалған.