«AMANAT» партиясы фракция мүшелерінің ықпалымен 14,8 мың гектар жер телімін ортақ жайылымға қайтаруға Сауран ауданы әкімдігінің Қаулысы шықты.
Түркістан облысында 14,8 мың гектар жер телімін ортақ жайылымға қайтару туралы Қаулы қабылданды
1,793
оқылды

«AMANAT» партиясының  Республикалық қоғамдық штабтың Түркістан облысына жасаған сапары барысында Сауран ауданы, Шаға ауылының тұрғындары тарапынан жер мәселесіне, тұрғындардың тұрып жатқан 203 үйдің заңдастырылмағаны мемлекеттік актісі алынбағаны жөнінде өтініштер айтылған болатын. Шаға елді мекенінде 1529 тұрғын тұрады, жер телімі 112,46 гектарды құрайды.

 «Жер аманаты» аймақтық комиссиясы өтініштерді талдай келе ауылдық округтегі 14,8 мың гектар жер телімін ортақ жайылымға қайтару үшін, тұрғындардың тұрып жатқан мемлекеттік актісі жоқ 203 үйдің заңдастыру үшін Сауран ауданы, Шаға ауылы шекарасын 182,27 гектарға кеңейту қажет деп  Сауран ауданы әкіміне ұсыныс берді.

 «AMANAT» партиясы фракция мүшелерінің ықпалымен 14,8 мың гектар жер телімін ортақ жайылымға қайтаруға  Сауран ауданы әкімдігінің Қаулысы шықты.  

Ал 203 тұрғын үйдің құжаттарын заңдастыру үшін Сауран аудандық мәслихатының шешімі шығып, тиісті жұмыстар атқарылуда.  Сауран ауданында су тасқынынан зардап шеккен ауылдық округтердің (Шаға, Майдантал, Бабайқорған) бұзылған жолдарын жөндеуге, істен шыққан тансформаторды, ауызсу тарату насостары мен электр желілерін, көмілген газ құбырының шұңқырларын қалпына келтіруге облыстық бюджеттен 100 миллион теңге бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.