Елордада тыйым салынған жерде шомылған екі азаматтан серозды менингит анықталды. Бұл туралы Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова мәлім етті.
Субұрқақтарда инфекция көп
1,049
оқылды

«Жаз басталысымен халық арасында профилак­тикалық түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Тұрғын­дарға рұқсат етілген жерлерде ғана шомылу керектігі ескертіледі. Мамыр айынан бастап күнмен қатар су да жылиды. Сәйкесінше, түрлі инфекциялар көбейе түсіп, жұқпалы аурулардың артуына алып келеді. Әсіресе, ондай инфекциялар ашық су қоймалары мен субұрқақтарда көп. Рұқсат етілмеген жерде шомылу кезінде инфекция жұқтыру қаупі жоғары», – деді Сарқыт Бейсенова қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Маманның айтуынша, шомылу кезінде адамдар энтеровирустық инфекциядан басқа, ішек инфек­циялары және А вирустық гепатитін жұқтыруы мүмкін.

«Шомылу маусымы басталғалы екі астаналық рұқсат етілмеген жерде суға түсіп, салдарынан серозды менингит жұқтырған. Былтыр осы кезеңде 6 адамнан серозды менингит анықталды», – дейді елорданың бас санитары.