Алматыда адам өліміне әкеп соққан жол апатына кі­нә­лі №98 автобус жүргізу­шісіне қатысты сот үкімі шық­ты.
Сот үкімі шықты
9,588
оқылды

Алматы қаласы Алмалы ау­дан­­дық сотында Қылмыстық кодекcтің 345-бабының 3-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соқ­тырған жол қозғалысы ереже­лерін бұзуы») бойынша А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот анықтағандай, 2022 жылы 8 қараша күні сағат 14:00 шама­сын­да сотталушы А. Абылай хан көшесінің бойымен оңтүстік ба­ғытта №98 автобусты басқарып, Абылай хан және Төле би көше­лері­нің қиылысында жол қозға­лысы ережесін елемей, бағдар­шам­ның тыйым салынған қызыл түсіне өтіп, Төле би көшесімен келе жатқан №201 автобуспен соқ­тығысқан болатын. Жол-кө­лік оқиғасының салдарынан №98 автобустың жолаушылары далаға ұшып кетті, жәбірленуші И. авто­бус астында қалып, алған жара­қатынан қайтыс болды. Ш. және К. есімді екі адам әртүрлі дене жара­қатын алды.

Сот отырысында сотталушы кінәсін мойындаған жоқ, өзін ақтауды сұрады. Сот айыпталу­шы­ның 3 кішкентай баласы ба­рын және кінәсін жеңілдететін жағдайларды ескеріп, оны 2,5 жылға бас бостандығынан айыр­ды. Сонымен қатар А. 5 жылға кө­лік құралын басқару құқы­ғы­нан айырылды. Бұдан бөлек, Ш. және К.-ның пайдасына мораль­дық шығын ретінде 2 млн теңге, Ш.-ның пайдасына 323 885 теңге материалдық шығын өндірілді.