Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің мәліметінше, өндіріс орнында 69 адам қаза тапқан.
Алты айда өндірісте 69 жұмысшы қаза тапты
971
оқылды

Өндірістегі жазатайым оқиғалардан 640 жұмысшы зардап шегіп, оның 69-ы қаза тапты. Десе де, былтырмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4%-ға төмендеді.

Биыл 6 айда өндірістік жарақаттану коэффициенті (1000 жұмыскерге шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиілігі) 0,09 болды.

Атап айтқанда, Қарағанды облысында – 79 адам, ШҚО-да – 53 адам, Абай облысында – 50 адам, Павлодар облысында – 46 адам, Қостанай облысында – 44 адам, Ақтөбе облысында – 40 адам зардап шеккен. Сондай-ақ Алматы қаласында 50 адам зардап шекті.

Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия өнеркәсіптерінде – 21,8% және құрылыс саласында – 10,6%.

Жазатайым оқиғалар көбінесе жұмысшының абайсыздығы (33,3%); өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы (27,1%); еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу (9,3%); жол қозғалысы ережелерін бұзуы (8,4%) себеп болған.

Фото: kt.kz