Жыл басынан бері Kids go free бағдар­ламасы арқылы 600-ден астам бала тегін ұшақ билетімен қамтылды. Ел ішіндегі сая­хатты таңдаған 300-ден астам қазақстан­дық отбасы 26 млн теңгеге дейін үнемдеген.
26 млн теңге үнемдеген
755
оқылды

Kids go free – Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген отбасылық туризмге арналған бағдарлама. Қазақстандықтар туристік оператордан ел ішіндегі бағыттар бойынша туристік пакет сатып алғанда 2 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға тегін авиабилет ала алады. Бағдарлама аясында орта есеппен бір турда екі бала саяхаттайды.

Мәселен, маусым айында ең тиімді саяхат Астана – Шымкент – Астана бағыты бойынша тіркелген. 

«Бағдарлама бойынша саяхаттау оңай әрі қолжетімді. Ол үшін kids.gofree.kz сайтына кіру керек. Кеңес алыңыз және отбасыңызға сәйкес келетін тур пакетін таңдаңыз. Қажетті құжаттарды ұсынып, тур пакетін сатып алу үшін келісімшарт жасаңыз және балаларыңыз үшін тегін әуебилетін алыңыз», – дейді МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.