Алматы қаласының тумасы, Forbes тізіміндегі Хорват азаматтығы бар кәсіпкер Василий Анисимов «Қазақстан халқына» қорына 22 миллиард теңгеден астам қаржы аударған. Ақпаратты қордың баспасөз қызметі растады.
Қорға қомақты қаржы аударды
700
оқылды

«Қазақстан халқына» түскен түсімдер туралы есепте осы жылдың 1 қаңтары мен 30 маусымы ара­лығында қорға 23 миллиард 404 миллион 145 мың теңге түскені көрсетілген.

Бұл қаражаттың басым бөлігін – 22,3 млрд тең­гені хорватиялық миллиардер Василий Анисимов аударған. 

Василий Анисимов 1951 жылы Алматыда дү­ниеге келген. Ол бүгінде Швейцариядағы Coalco әзірлеу компаниясының иесі және Ресейдегі ең ірі тау-кен металлургиялық холдингтерінің бірі Метал­линвесттің бұрынғы тең иесі. Forbes мәліметтері бойынша 1,6 миллиард долларлық жеке байлығымен былтыр ол Ресейдегі 200 ең бай бизнесмен тізімінде 54-орынды иеленді.

2022 жылдың желтоқсанында Анисимов Хор­ватия азаматтығын алғаны белгілі болды.