Жарысқа еліміздің 7 өңірінен 40-қа жуық спортшы қатысады. Жарыстың мақсаты – арбадағы теннис спорт түрін елімізде дамыту, қатысушылар арасында үздік спортшыларды аңықтап, ұлттық құрама сапына іріктеу, – делінген Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Айта кетсек, арбадағы теннис – елімізде енді дамып келе жатқан паралимпиадалық спорт түрі. Бұл спорт түрінен тұңғыш рет Қазақстан чемпионаты Алматы қаласында 2022 жылы өтті. Чемпионатқа 6 өңірден 20 спортшы қатысқан.