Кеше сағат 15.20 шамасында Жезқазған-Қарағанды тасжолында Toyota 30 автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Polisia.kz-тің дерегінше, Toyota-ның жүргізушісі мен 4 жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция көлік жүргізушілерін жолда сақ болуға шақырады.