Мемлекет басшысы Марокко короліне құттықтау жеделхатын жолдады.
Тоқаев Марокко королін құттықтады
739
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев король VI Мұхаммедті Марокко корольдігінің ұлттық мейрамы – таққа отырған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Марокко арасындағы сенімді қарым-қатынастың одан әрі жандана беретініне сенім білдіріп, VI Мұхаммедтің қызметіне табыс тіледі.