Жаңа басшыны ұжымға Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов таныстырды.
Актер Азамат Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды
7,362
оқылды

Азамат Сатыбалды Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті болып тағайындалды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Азамат Сатыбалды 1977 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында туған. 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (2002). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарған.

Ұжымға жаңа басшыны таныстырған министр киностудия жұмысы жанданатынын айтты.

«Отандық киноөнерінің қара шаңырағы Қазақфильм – ауқымды және күрделі өндірістік ұйым. Былтыр киностудия жанынан «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі құрылды. Мемлекет басшысының киностудия жұмысын жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында 87 техникалық жабдық сатып алынды. Алдағы уақытта, модернизацияның 2 кезеңін бастау керек», – деді Асхат Оралов.

Актер көптеген фильмде ойнады. Атап айтқанда: 

2001-2003 – «Қара шегіртке» - Ерлан

2008 – «Бақсы» - эпизод

2009 – «Ағайынды» - эпизод

2010 – «Жерұйық» - эпизод

2011 – «Дәрігер Ахметова» - Ринат

2011 – «Ғашық жүрек-2» - продюсер

2012 – «Сыныптастар» - Дәулет Егоров

2013 – «Парыз» - Нартай

2013 – «Бір кем дүние» - эпизод

2014 – «Қара шаңырақ» - Әлішер

2014 – «Абайлаңыз, сиыр!» - эпизод

2015 – «Рэкетир 2» - Қасым

2016 – «Үйге апарар жол» - эпизод

2016 – «Жұлдыздар тоғысқанда» - Ерлан

2017 – «Барлығы сен үшін» - Асқар

2019 — «Армандастар[2]» - Талғат

2019 — «Томирис» - Қаваз

2020 — «Полигон» - Нұрсұлтан Назарбаев

2022 — «Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін» — Мұқағали Мақатаев

2022 — «Мағжан. Мен жастарға сенемін!» — Бичурин рөлін сомдаған.

Сонымен қатар 2002 жылы Қазақстан жастар одағы "Серпер" жастар сыйлығының лауреаты, 2014 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды. 

2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" медалімен марапатталды.