Биыл жаз басталғалы Қазақстанға келген шетелдіктер саны үш есе артты. Мәдениет және спорт министрлігі мәліметінше, 1 маусым мен 23 шілде аралығында еліміздің қонақүйлерінде 250 468 шетел азаматы тоқтаған.
Елімізге келетін туристер көбейді
612
оқылды

Бұл былтырдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш еседен артық. Былтыр осы кезеңде 77 645 шетелдік туристер отандық қонақүйлерде демалған. ТМД елдерінен келген туристер саны – 180 мың немесе 72 пайыз. Бір қызығы, былтыр дәл осы көрсеткіш 77 пайыз болған. Яғни, алыс шетелден келген туристердің үлесі артып отыр.

«Моңғолия – 11,6 есе (489-дан 5 683-ке дейін), Қытай – 8,5 есе (2 223/ 18 954), Үндістан – 4,7 есе (1 245/5 887), Оңтүстік Корея – 3,8 есе (939/3 585), Иран – 3,8 есе (237/897), Германия – 3 есе (1 659/5 054), АҚШ 2,2 есе (1 237/2 761) өсті», – дейді Мәдениет және спорт министрлігі өкілдері.

Шетелдік туристердің елімізде демалуға келетін басты бағыттары – Алматы (77 308 турист), Астана (38 463 турист), Алматы (19 049 турист) және Маңғыстау облыстары (15 062 турист).