Басылымның жазуынша, туристік көліктің жүргізушісі мен украиналық гид оқиға орнында мерт болды.
12 турист, соның ішінде ауыр жарақат алған 6 адам Аланья мен Манавгат аудандарының ауруханаларына жеткізілді.
Haber Global телеарнасының хабарлауынша, жүк көлігінің жүргізушісі полиция бөліміне жеткізілген.
«ҚазАқпарат» қазақстандықтар жөнінде мәлімет алу үшін еліміздің Сыртқы істер министрлігіне жүгінді. Ведомствода «ақпарат анықталып жатқанын» жеткізді.