Қазақстанның барлық өңірінде жел соғады.
2 тамызға арналған ауа райы болжамы
1,398
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен елдің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Тек еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстікте түнде және таңертең тұман, күндіз дауыл болып, бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Жетісу, Абай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында, Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 35-40°С қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Алматы облысында 40-42°С өтте қатты ыстық болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен орталығында, Атырау облысының солтүстігінде өрт тұтанудың жоғары қаупі болады.

Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында өрт тұтанудың аса жоғары қаупі күтіледі.