Елордада алимент өндіру бойынша 20 мыңға жуық іс қозғалған.
20 мың астаналық алименттен қашып жүр
998
оқылды

Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар алаңында өткен брифингте Астана қаласы Әділет депар­таменті басшысының орын­басары Азамат Айнабеков мәлімдеді.   

Баспасөз мәслихатында «Жеке сот орындаушыларының жұмы­сын бақылау және алимент төлем­дерін өндіру мәселесі» туралы сөз қоз­ғалды. Айнабековтың мәлім­деуінше, Астана қаласы жеке сот орындаушыларында 19 890 али­мент өндіру туралы атқарушылық өндіріс бар, оның ішінде, 9 915 атқарушылық өндіріс борышкер­лердің жалақыларынан ай сайын ұсталса, 618 атқарушылық өндіріс борышкерге іздеу жариялануына байланысты тоқтатылған.

«Бүгінде Астана қаласы жеке сот орындаушылар өңірлік па­латасында 244 жеке сот орын­дау­шысы қызмет етуде. Жыл ба­сынан бері Департаментпен жеке сот орындаушыларының қыз­метіне 149 жоспардан тыс ба­қылау, 75 жоспарлы бақылау жүргізіліп, нәтижесінде 99 ЖСО тәртіптік жауапкершілікке тар­тылып, 3 ЖСО лизенциясы­нан айырылса, 2 ЖСО-ның лицен­­зиясынан айыру туралы ұсыныс Әділет министрлігінде қаралу­да», – деді Әділет департаменті бас­шысының орынбасары Азамат Айнабеков.