Тәркіленген қару-жарақ пен оқ-дәрілерге тиісті сараптамалар тағайындалды.
Қарағанды маңындағы орман алқабынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды
1,213
оқылды

Қарағандылық полицейлер 3 тамыз күні кешке қала шетіндегі орман алқабынан жасырылған қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты, – деп хабарлады Polisia.kz.

Жедел-іздестіру шарасын облыстық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жедел басқарма қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген.

Оқиға орнынан жедел-тергеу тобы қызметкерлері «Байкал» маркалы тегіс ұңғылы мылтық, «Соваж» маркалы қос ұңғылы карабин, 12 калибрлі қос ұңғылы шолақ мылтық, ИЖ-21 тегіс ұңғылы мылтық, Макаров тапаншасы, әртүрлі калибрлі 188 бірлік оқ-дәрілер және ішінде 1440 патроны бар мөрленген мырыш қорап тәркіледі.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Аталған баптың санкциясына сәйкес бес жылға дейін бас бостандығын шектеуге не болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.