Оқиғаның мән-жайы былай болған: 29 маусым күні белгісіз адам 54 жастағы А. есімді азаматтың WhatsApp желісіне хабарласып, оның қызы басқа нөмірден хат жазып жатқанын және қызының қарыздары барын хабарлаған. Осылайша, ол жәбірленушінің банк картасының деректерін алып, 477 мың теңгені иемденеді.
«БҚО киберполицейлері облыстық ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, қазіргі уақытта алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан 26 жастағы М. есімді күдіктіні әшкереледі. Одан телефон мен екі SIM-карта табылды. Ол қылмыстық әрекетін мойындады. ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр» делінген хабарламада.
Б.ИКРАМОВА