Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Көкшетау-Атбасар» тасжолындағы апат салдарынан 1 адам мерт болып, тағы 8 адам ауруханаға түсті
655
оқылды

«Көкшетау-Атбасар» тасжолында қарама-қарсы келе жатқан екі көлік соқтығысып, 1 адам қайтыс болды, тағы 8 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6 тамыз күні сағат 16:40 шамасында Зеренді аудандық ПБ кезекші бөліміне «Көкшетау-Атбасар» тасжолының бойында, яғни Ақадыр және Шағалалы ауылы арасында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарланған.

Белгілі болғандай, 71 жастағы көкшетаулық басқарған «Тайота Авенсис» көлігі мен 31 жастағы тағы бір көкшетаулық басқарған «Тига» көлігі бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан «Тига» көлігі жүргізушісінің 65 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Сонымен қатар, «Тайота Авенсис» көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы (оның біреуі 14 жастағы қыз), «Тига» көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы (оның екеуі 11 және 7 жастағы кәмелеттік жасқа толмаған бала) түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

«Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сараптама тағайындалды», – деп хабарлады ведомстводан.