Қазақстандық спортшы аталған қашықтықты 2,03 секундта бағындырған. Польшалық спортшылар бірінші және екінші орындарға табан тіреді.
Бұдан бұрын Әділбек Мусин Жапонияның Фукуока қаласында өткен су спорты түрлерінен әлем чемпионатында баттерфляй әдісімен 100 метрге жүзуден іріктеу сатысында 51,68 секундты еншілеп, Қазақстан рекордын жаңартты.
Жазғы универсиадада қазірге дейін Қазақстан құрамасы 20 медаль еншілеп үлгерді. Оның ішінде 2-і алтын, 7-і күміс, 11-і қола.
Медальдар кестесінде Қытай 150 жүлдемен (82-35-33) көш бастап тұр. Одан кейінгі орындардағы Жапония 75 (19-25-31), Оңтүстік Корея 50 (17-15-18) медалі бар.