Мақсат – партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы көрсеткіштерінің орындалуы бойынша Андас батыр ауылының маныңда құрылысы жүріп жатқан Андас-2 және Андас-3 су қоймаларының құрылысына қоғамдық бақылау жүргізді. Андас-2 су қоймасы құрылысын «Тараз Строй-2004» ЖШС биылғы шілде айының басында бастаған. Бүгінгі күнде жұмыстарының 30 пайызы бітіп тұр. Бөлінген қаражаттың жалпы көлемі 100 миллион теңге. Су қоймасы пайдалануға берілген кезде 30 млн текше метр су жинауға мүмкіндік бермек. Құрылысты аяқтау жыл соңында желтоқсан айына жоспарлануда.
Сондай-ақ екінші құрылыс нысаны Андас-3 су қоймасына жалпы көлемі 200 миллион текше метр су жинауға болады. Оның құрылысын жүргізіп жатқан «Толағай-2050» ЖШС бүгінде құрылыстың 25 пайызын аяқтаған. Аталған құрылысты 2024 жылдың сәуір айында пайдалануға беру жоспарлануда. Құрылысқа жалпы көлемі 1,5 миллиард теңге қарастырылған. Жоғарыда аталған екі насынға 45 жұмысшы және 34 техника жұмылдырылған.
Комиссия мүшелері тарапынан құрылысқа жауапты өкілдерге жұмыстарды сапалы орындау, нысандарды тиісті мерзімде пайдалануға беру жөнінде ұсыныстар берілді. Сондай-ақ мердігер компаниялардың өкілдеріне құрылыс жұмыстары толық аяқталғанға дейін қоғамдық бақылау жұмыстарының жалғаса беретіндігі айтылды.