Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин хабарлады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылыс саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды жалғастырып жатыр. Шымкент қаласында тығыз құрылыс салуға жол бермеу мақсатында жекеменшікке заңсыз берілген жер учаскелерін мемлекет пайдасына қайтару бойынша мақсатты іс-шаралар ұйымдастырылды. Қазір сот шешімімен аукционсыз кәсіпкерлерге берілген жердің жалпы ауданы 77 гектар, құны 3 млрд теңгеге жуық 46 жер учаскесі мемлекеттің балансына қайтарылды», – деді Дәурен Ерғарин. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Н.САРША