Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Дүние­жүзілік Жазғы универсиадада биіктікке секіруден қазақ­стандық спортшылар Надежда Дубовицкая мен Кристина Овчин­никова финалға шықты.
Биіктікке секіруден финалға шықты
899
оқылды

Іріктеу жарысының қоры­тындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен 12 спортшы фи­налға шықты. Әр топта сынға түскен қазақстандық спортшылар Надежда Дубовицкая мен Кристина Овчин­никова сәйкесінше 1,84 және 1,80 ұпай жинап, жарыстың финалдық кезеңіне жолдама алды. Биіктікке секіру фи­налында барлығы 12 спортшы сынға түседі. Финал 6 та­мызда Чэнду қаласындағы (Сычуань провинциясы, Қытай) «Шуанлю» стадионында Бейжің уақытымен 18.30-да бас­талады. 6 тамыз күнгі сағат 12.00 (жергілікті уақыт) бойынша Қа­зақстан медальдық есепте 19-шы орында. Қазақстан құра­масының қоржынында 19 медаль бар: екі алтын, жеті күміс жә­не 10 қола.