Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Қызылорда облысы Шиелі ауданы Еңбекші ауы­лындағы №159 орта мектеп кітапханасына 150 кітап тарту етті.
Сенатор 150 кітап сыйлады
517
оқылды

Еңбекші ауылы – екі бірдей Еңбек Ері шыққан ауыл. Кезінде күріш егіп, Батыр Ана атанған Ұлбала Алтайбаева мен кү­ріш­ші Байдүйсен Оразов Социалистік Еңбек Ері атанған болатын.

Сенатор өзінің жеке кітапха­насын­дағы 4 000-ға тарта кітапты жыл сайын рес­публика мектеп­теріне сыйға тарту дәс­түрін биыл да жалғастырды. Бұған дейін Шиелі ауданы Еңбекші ауылдық мә­дениет үйіне, Түркістан об­лысы Са­у­ран ауданы Абдолла Үсенов атындағы орта мектеп пен Алматы облысы Қарасай ау­­даны Абай ауылындағы Мәлік Ғабдул­лин атындағы орта мек­тепке 200-350 кі­таптан тарту еткен болатын.