Президент Буяр Османиге ілтипат білдіре оты­рып, оның ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы ретінде Қа­зақстанға сапары маңызды екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Солтүстік Ма­ке­дония Республикасының Сыртқы істер министрі Буяр Османиді қабылдады
976
оқылды

– Сіздің сапарыңыздың біз үшін маңызы зор.  Мен еліміздің осы ұйымға мүше сенімді мемлекет ре­тінде ЕҚЫҰ-ны қолдайтынын айрықша атап өт­кім келеді. Ұйымдағы пікірлер қайшылығына қа­­­рамастан  ЕҚЫҰ – баламасы жоқ ұйым. Сон­дық­тан біз оның әлеуетіне қолдау білдіруге күш салуымыз керек. 2025 жылы Хельсинки қорытынды актісінің 50 жылдығын атап өту аясында ЕҚЫҰ-ның өзара диалогқа арналған бірегей платформа ретінде қызмет етуіне жағдай жасау өте маңызды. Еліміздің ЕҚЫҰ-мен тығыз ынтымақтастығы, 2010 жылғы Астана саммитінің декларациясында бекі­тілгендей, қауіпсіз қоғамдастық құру туралы ор­тақ көзқарасқа негізделеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы  Қазақстан мен Солтүстік Ма­кедония арасындағы қарым-қатынасты нығай­ту перспективаларына айрықша тоқталды.

– Екіжақты қарым-қатынасымызда ешқандай мә­­селе жоқ. Біз ынтымақтастығымызды кеңейту тұр­­­­­ғысынан елеулі нәтижеге жеттік. Еліңізді Қа­зақ­­станның Еуропадағы өте маңызды серіктесі ре­тінде қарастырамыз және біз Скопьеде өз ел­шілігімізді ашу жөнінде шешім қабылдадық, – деді Президент.

Өз кезегінде Буяр Османи ЕҚЫҰ-ның Қазақ­стан­мен және Орталық Азия өңірімен өзара байла­ныс­ты дамытуға зор маңыз артып отырғанын мә­лім­деді. Оның айтуынша, 2010 жылы Астанада өт­кен ЕҚЫҰ саммиті Қазақстанның осы ұйым қыз­метінің негізгі бағыттарын қолдаудағы белсенді рө­лін көрсетті. 

– Солтүстік Македонияның ұйым төрағасы ре­тіндегі ұраны – «Барлығы адамдар үшін». Бұл біз­дің адамға бағдарланған ұстанымымызды біл­діреді. Сіздің реформалар бағдарламаңыз да адамдарға арналған әрі ол ЕҚЫҰ-ның қағидаттары мен міндеттемелерімен ғана емес, біздің ұйым төрағалығындағы басымдықтарымызбен де үндес. Сонымен қатар біз Қазақстанның өңірлік, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөлін атап өткізіміз келеді, – деді ми­нистр.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Солтүстік Ма­кедония Президенті Стево Пендаровскийге ізгі тіле­гін жолдап, оны Қазақстанға  сапармен келуге ша­қырды.