Астанада әйел адам ба­лалары­мен бірге көпқа­бат­ты үйдің терезе­сінен секіріп кетпек болған. Тәртіп сақ­шылары қайғылы оқиғаның алдын алды.
Тоғызыншы қабаттан секірмек болған
672
оқылды

9-шы қабаттағы пәтердің терезесінен екі бала­сымен әйел­дің секірейін деп жатқанын ес­тіген автопатруль оқиға ор­нына аттанды. Бірінші болып №26 учас­келік полиция пунк­тінің полиция бөлім­шесінің аға инспекторы Асқар Папышев өзінің серіктесі Елдос Нұғма­новпен бірге жетті.

Олар аудан тұрғындарымен жиын өткізіп жатқан болатын. 9-шы қабатқа көтерілген поли­цейлер үлкен баланың әкесімен бірге тұрғанын көрді. Ал кіші баласын әйел өзі ұстап тұрып, оған біреу жақындаса, секіреті­нін айтып айқай­лаған. Тәртіп сақшыларының бірі әйелді сөз­ге тартып, мұндай қадамға бар­мауын өтініп жатқанда, екін­ші полицей фор­масын аза­мат­тық киімге ауыстырып, со­сын пә­терге кіріп, бай­қатпай жа­қын­дап, бір қолымен бала­ның қо­лы­нан, екінші қолымен анасын мықтап ұстап алып, бөлмеге қарай тартып кіргізген.

24 жастағы әйелдің отбасы­лық жанжалдан кейін осындай әрекетке бел буғаны белгілі бол­ды. Оның күйеуіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігі «Отбасылық-тұрмыс­тық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Отбасы ерекше бақылауға алынды. Әйел бала­ларымен бірге Астана қала­сының Дағ­дарыс орталы­ғына орналасты­рылды. Онымен профилакти­калық әң­гіме жүргізіліп, психо­логиялық көмек көрсетілді.