6-9 тамыз аралығында Малайзия елінде 45 елдің дарынды оқушыларының басын қосқан AIMO-2023 халықаралық математикалық олимпиадасы өтті.
Алматылық оқушы Малайзияда өткен халықаралық олимпиаданың абсолютті чемпионы атанды
1,367
оқылды

Олимпиадаға Алматы қаласындағы химия-биология бағытында Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Хафиз Нұрқасым алтын медаль иеленіп, абсолютті чемпион атанды.

Салтанатты марапаттау рәсімінде зияткер Қазақстанның Туын көкке желбіретті.

Нұрқасым жылда әлемнің жас математиктері  бас қосатын білім додасының жеңіс тұғырын алғаш рет бағындыруы емес. Зияткердің қоржынында Халықаралық америкалық математикалық олимпиадасының алтыны MAA AMC (2021), AIMO Гонконгта күмісі (2022) және MMA AMC (2022) қола медалі.

Дарынды оқушы осы атаулы жеңісімен қатар осы жазда ірі өрттер кезінде адам өмірін қорғауға бағытталған «Өрт сөндірудің ақылды жүйесі» өнертабысының авторы ретінде патент алған болатын.