Тергеу барысында құны 27,7 млн теңге болатын мүлік тәркіленді.
75 миллион теңге залал: Q-net қаржы пирамидасының басшыларына қатысты тергеу аяқталды
877
оқылды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Q-net қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқару күдігіне қатысты істі тергеуді аяқтады, – деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.

«Тергеу барысында іс бойынша 5 айыпталушы 2018 жылдың қарашасынан 2022 жылға дейін Q-net қаржы пирамидасының Алматыдағы филиалдарын басқарғаны анықталды. Оның қызметіне 45 салымшы тартылып, 75 млн теңге материалдық шығын келтірген. Қазіргі таңда 5 тұлғаға қатысты тергеу аяқталып, сотқа жолданды. Тергеу барысында сомасы 27,7 млн теңге болатын мүлікке арест қойылды.

Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеміз», – делінген ведомство мәліметінде.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін күдікті кінәсіз болып табылады.

 

Фото: Sputnik.kz