Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайтын болды, деп хабарлайды «Мой город» басылымы.
Сыбайлас жемқорлықпен ұсталған БҚО әкімінің экс-орынбасарына үкім шықты
679
оқылды

16 тамызда Орал қалалық соты БҚО әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Ержан Балтаев пен «Aqjaiyq Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» басқарма төрағасының бірінші орынбасары Артур Досқалиевке қатысты үкімді жариялады. Сот оларды қызметтік өкілеттерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тапты. Сот үкімімен Ержан Балтаевқа 2 500 АЕК немесе 8,6 миллион теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар бұдан былай оған өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. 

Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаевтың сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатын. Екі айыпталушы да кінәсін мойындап, шығынды төледі.

Еске салайық, бұған дейін БҚО әкімінің бірінші орынбасары Балтаевтың жемқорлыққа күдікті екені расталған еді.