Қалған жұмысшыларды іздеу жұмыстары әлі жүріп жатыр.
«Қазақстан» шахтасындағы өрт: Қаза тапқан кеншінің аты-жөні белгілі болды
1,493
оқылды

Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында қаза болған кеншінің аты-жөні белгілі болды.

«Қазақстан» шахтасындағы өрт салдарынан компания қызметкері 1965 жылы туған Слюньков Виталий Владимирович (жерасты электр слесарі, 5-санат, еңбек өтілі 39 жыл) қаза тапты. Марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтамыз», – делінген «АрселорМиттал Темиртау» хабарламасында.

Қалған жұмысшыларды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

«Қазіргі уақытта желдетудің дұрыс режимін қалпына келтіру және кеншілерімізді іздеуді жалғастыру үшін өртті оқшаулау жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Құтқару қызметтерінің 12 бөлімшесі жұмыс үстінде. Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамыз, оларға барынша қолдау көрсетіледі», – дейді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Виктор Гафиулов.

Компания апат себептерін толық тергеу үшін мемлекеттік органдармен бірігіп жұмыс істеуде.

 

Фото: depositphotos.com