Бүгін партия хатшысы Эльдар Жұмағазиевтің төрағалығымен «AMANAT» партиясы жанындағы экономика кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Эльдар Жұмағазиев: Еліміздегі кәсіпкерлердің мәселесі толығымен шешілуі тиіс
855
оқылды

 Партия хатшысының айтуынша,  «AMANAT» партиясы өңірлердегі кеңестердің кеңейтілген форматтағы жұмысын шілде айынан басталған. Мұндағы басты мәселе елордадағы кәсіпкерлер ғана емес, өңірдегі кәсіпкерлердің мәселелерін шешіп, кәсіпкерлік істің алға жылжуына барынша көмектесу. Сол себепті де бұл жиынға салалық министрліктердің өкілдері, фракцияның өңірдегі депутаттары шақырылып, кәсіпкерлер тікелей баланысқа шығу арқылы өздерін алаңдатқан сауалдарына жауабын ала алды.

– Іс-шараның басты мақсаты – өңірдегі мәселелерді тез арада шешу, оған ықпал ету және «Халықпен бірге!» атты «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуы. Осы күнге дейін 10 өңірді тыңдадық. Бүгінгі жиынмен 13 өңір болады. Сол өңірлердің ішінде бірталай кәсіпкерлер сұрақ қоюға мүмкіндік алды. 150-ден астам сұрақ қойылды. Олардың ішінде 1/3 шешімін тапты. Ал шешілмеген  мәселелердің реестрі құрастырылып, қыркүйек айында Партия жетекшісі, Үкімет басшыларының қатысуымен кеңейтілген кеңес отырысы өтеді. Сол жиында ол мәселелер көтерілетін болады», – деді Партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев.

Алғашқылардың бірі болып, Қарағанды облысының мәслихат депутаты Мира Махатчина субсидиялаудың жүйесіне байланысты сұрағын қойды. «Біздің жүйеде тауар өндірушінің куәландырма шоттарды қайта пайдалану туралы өкілетті органдардың мамандарынан хабардар етілмейді. Ал бұл дегеніміз субсидияның екі еселеніп кетуіне әкеледі. Тіпті тауар өндіруші дұрыс енгізілмей қалған есебін, қайта қайтарып алмайтыны тағы бар» деген депутат жүйені дұрыстап, ақпараттандыруды қажет ететінін жеткізді. Бірақ Цифрландыру департаментінің директоры бұл мәселенің реттеліп, осы айдың ішінде түзеліп жатқанын айтты.

Ал шаруа қожалығының басшысы Ильия Задияков бұл салада қаржы жетіспеушілігі неге байқалатынын сұрады. «Мысалы, 2 млрд теңгеден астам пестицидтерге бөлінген субсидия толығымен игерілді. Тек 300-ден астам өтініштің 520 млн теңге игерілмей қалды. Минералды тыңайтқыштардың құны бағдарламасы бойынша 800 млн теңге толығымен игерілді. 111 өтініш түсіп, 403 млн теңгеге тағы игерілмеді» деді ол.

    – Әрине, бұл мәселе жүйелілікті қажет етеді. Әртүрлі салада субсидияға қатысты жетіспеушілік жоқ емес, бар. Жалпы, республика бойынша субсидияға 165 млрд теңге қарызбыз. Қазір мәселе жан-жақсы қарастырылып жатыр. Негізі келесі жылға оның көп үлесін жабуды жоспарланып отырмыз», – деді Ауыл шаруашылық вице-министрі Ербол Тасжүреков.

 Жиынға оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан, «Атамекен» ҚР ҰКП төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов,   Ауыл шаруашылық вице-министрі Ербол Тасжүреков, Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник, Экология және табиғи ресурстар вице-министрі  Нұрлан Құрмалаев және бизнес қауымдастықтардың басшылары қатысты. Ал өңір азаматтары бұл отырысқа бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды.

Сондай-ақ Қарағанды, Ұлытау, Алматы және Павлодар облыстарының депутаттары мен кәсіпкерлері министрлік өкілдеріне тікелей сұрақтарын қойды.

фото:azattyq-ruhy.kz