Елордада балабақшаға барғысы келмеген жиенін сабаған бойжеткен ісі бойынша сот қаулысы шықты. Қос тараптың ымыраға келуі себепті іс тоқтатылды.
«2023 жылғы 17 тамызда Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұрып-соғу фактісі бойынша А. қатысты істі қарады.
Сот А. кәмелетке толмаған Ж.-ның әпкесі екенін, жиенінің балабақшаға барғысы келмегені үшін күш қолданғанын, бірақ денсаулығына аса зиян келтірмегенін анықтады. Оның кінәсі мойындау айғақтарымен, заңды өкілдің түсіндірмелерімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен және істің басқа материалдарымен дәлелденген. А.-ның баланың ата-анасымен татуласуына байланысты және ата-ана өтінішімен іс тоқтатылды», - деп жазылған қалалық соттың ресми сайтында.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.