Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Абы­лайхан Жүсіпов (2-0, 1 КО) 26 тамызда никарагуалық Уис­тон Кампоспен (33-11-6, 19 КО) жекпе-жекке шығады.
Абылайхан «солақаймен» жұдырықтасады
700
оқылды

Абылайхан АҚШ-тың Талса қа­ласында ұйымдастырылатын бокс кешінің андеркардында ринг­­­ке шығады. Сегіз раундтық жек­­пе-жектегі Жүсіповтің қар­сы­­ласы айтарлықтай тәжіри­бе­лі. Ол өз­бек­стандық Шахрам Гия­сов жә­не британиялық Джош Тей­лор­мен жұдырықтас­қан. Деген­мен екеуінде де жеңілген. Ал жал­пы карьерасында 50 айқасқа шы­ғып­ты, оның отыз үшінде жеңіс­ке жет­­кен – оның он тоғы­зын­да қар­сыласын нокаутпен тізе бүктірген. Соны­мен бірге ол он бір рет жеңі­ліс­ке ұшырап, ал­ты рет тең түскен екен. 31 жастағы бок­сшы карьера­сын 2010 жылы бас­тапты. Осы уа­қытқа дейін АҚШ, Ұлыбрита­ния, Коста-Ри­ка және Мексика же­рінде өнер көр­сеткен. Жарты­лай орта сал­мақ рейтингінде ол Отанында ал­тыншы, ал әлемдік рейтингте 322-орында тұр.