Қарағанды қаласында Спорт күні қарсаңында ор­талық саябақта «Арай-2023» өңір қалалары ара­сында ХVІ облыстық жазғы спарта­киа­даның ашылуы өтті. Ұйымдас­тырушылар спортшылар мен қала тұр­ғындары үшін ойын-сауық бағ­дар­ламасын дайын­дады.
Облыстық жазғы спартакиада ашылды
693
оқылды

Шараға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ербол Әліқұлов қатысты.

– Ең бастысы, спартакиада халықтың барлық тобын бірік­тіреді. Студенттер де, мемлекет­тік қызметкерлер де, зейнеткер­лер де, мүмкіндігі шектеулі жан­дар да қатысады. Басты міндет – бүкіл хал­қымызды спорт­қа тарту, – деп әкім орын­басары спортшыларға жеңіске жетуге тілек білдірді. 

Спартакиадаға Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Приозерск, Саран және Шах­тинск қалала­рынан 600-ге жуық спортшы қатысады.

– Спортшылар екі күн бойы 12 түрде жарысады: армрестлинг, волейбол, қазақ күресі, жеңіл атлетика, үстел теннисі, ша­ғын футбол, жазғы президенттік көп­сайыс, пауэрлифтинг, тоғыз­құмалақ, шахмат, дойбы, асық ату және бес асық. Мен спар­такиа­даның төрешісі ретінде алтыншы рет қатысып отырмын. Біздің басты мақсаты­мыз – адал төрешілік, ал спортшыларға сәттілік! – деп жарыстың бас төрешісі Қайрат Абдуллаев жарысқа қатысушыларға ақ жол тіледі.

Шахтинск қаласынан келген «Тентек» ДСК нұсқаушысы Дарья Федько спар­такиадаға үшінші рет қатысып отыр. Мұндай жарыстар спортқа деген ынтаны арттыратынын айтты.

– Біздің команда ерлер мен әйелдер ара­сында барлық жас санаттарына қа­ты­сады. Біздің қатарымызда бухгал­тер­лер, мұғалімдер, ІТ мамандар, жеке кә­сіп­кер­лер бар. Біз көп жат­тықтық. Жүл­дегерлер үштігіне енеміз деп сенемін, – деді Дарья.

Мереке барысында ерекше көзге түскен жаттықтырушылар мен оқытушы­ларға денешынықтыру мен спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ал­ғысхаттар, құрмет грамоталары мен сый­лықтар табыс етілді.

Әлия Молдағұлова атындағы олим­пиадалық резерв колледжінің маман­дандырылған мектеп-интернатының жұ­мысшысы Абылай Шүланбаев «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісіне ие болды.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы