WBO тұжырымы бойынша, орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) келесі жекпе-жегі туралы жазды.
Құдай қаласа 4 белбеуді жинаймыз: Жәнібек Әлімханұлының мәлімдемесі
2,135
оқылды

"Тарихтың екінші бетін жазуды бастадық! Чемпион болу бір басқа, тарихи жекпе-жектерді өткізіп, із қалдыру бір басқа! Жақында ресмиленеді бұйыртса!",–  деп жазды спортшы өз сторисінде.

Ол кейінірек жазба жариялап, 4 белбеуді де жинайтынын айтты.

"Құдай қаласа 4 белбеуді жинаймыз, ағайын! Qazaq style-ды тарихта қалдырамыз!", – деп жазды ол жазбасында.

Жәнібек Әлімханұлының IBF белбеуіне ие германиялық Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 КО) жекпе-жекке шығады. Бұл айқас Top Rank промоутерлік компаниясы 14 қазан АҚШ-тың Розенберг қаласында ұйымдастыратын бокс кешіне жоспарланған.