«Қазақстан» шахтасында төртінші кеншінің мәйіті табылды, – деп хабарлайды «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның баспасөз қызметі.
«Төртінші кеншінің денесі табылды, Халиков Артур Ринатович, 1994 жылы туған, 4-разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 10 жыл. Марқұмның әріптестері мен компанияның бүкіл ұжымы мезгілсіз қаза болған жолдастың туған-туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады», – делінген хабарламада.