"Қазгидромет" РМК синоптиктері 20 тамызда республиканың 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.
Қазақстанның 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
2,923
оқылды

Атырау облысында 35-39 градус аптап ыстық болады. 20 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Желдің бағыты солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 37 градус аптап ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады. 

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында секундына 15-20 метр болады. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында 38 градус аптап ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал облыстың батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Астанада күндіз найзағай ойнайды.

Ақмола облысының солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Павлодар облысының батысында да найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с болады.

Қостанай облысының солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, ал күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. 20 тамызда Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жетісу облысының шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында жоғарғы өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.