Абылайхан Жүсіпов Top Rank on ESPN АҚШ-тың Талса қаласында ұйымдастыратын бокс кешінің андеркардында рингке шығады.
Абылайхан Жүсіпов 33 қарсыласын нокаутқа түсірген боксшымен жекпе-жек өткізеді
1,468
оқылды

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Абылайхан Жүсіпов (2-0, 1 КО) 26 тамызда никарагуалық Уистон Кампоспен (33-11-6, 19 КО) жекпе-жекке шығады, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.

Абылайхан Жүсіпов Top Rank on ESPN АҚШ-тың Талса қаласында ұйымдастыратын бокс кешінің андеркардында рингке шығады.

Сегіз раундтық жекпе-жектегі Жүсіповтің қарсыласы айтарлықтай тәжірибелі - ол өзбекстандық проспект Шахрам Гиясов және британиялық Джош Тейлормен жұдырықтасқан. Дегенмен екеуінде де жеңілген. Ал жалпы ол карьерасында 50 айқасқа шығыпты, оның 33-інде жеңіске жеткен, оның 19-ы нокаутпен. Сонымен бірге ол 11 рет жеңіліске ұшырап, 6 рет тең түскен екен.