Үкімет резервінен 633 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Қаулыға Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.
Құжатқа сәйкес, қаражат табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысатын Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе кемелеріне 5 су шашатын құрылғысын және 71 ұшқышсыз ұшу аппаратын сатып алады.
Биыл Абай облысында алапат өрт болып, 15 адам қаза тапты. Осы апаттан кейін орманшылар мен ұлттық парк, қорық қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Президенттің тапсырмасынан кейін ескі құрал-жабдықтарды жаңалауға кірісті.