Полиция сонымен бірге жүк көлігінің 4 жеңіл көлікпен соқтығысқанын хабарлады.
Полиция Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жол апатының себебін айтты
615
оқылды
Полиция Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жол апатының себебін айтты.

Бұл деректі Бостандық аудандық ПБ-ның қызметкерлері тіркеп, өндіріске енгізді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

"Алдын ала болжам бойынша, ЖКО көліктің техникалық ақауынан орын алған. Жеке тасымалдау қызметін көрсететін жүк көлігінің жүргізушісі К. есімді азаматтың айтуынша, жүк көлігінің тежегіштері істен шыққан. Объективті мән-жайлар анықталып жатыр", – деп хабарлады полиция.
Полиция сонымен бірге жүк көлігінің 4 жеңіл көлікпен соқтығысқанын хабарлады. Медициналық көмекке алты адам жүгінген, оның ішінде ауыр жүк көлігінің жүргізушісі де бар.