Қазақстандық ММА шебері Қуат Хамитов (24-8-1) танымал ре­сейлік файтер Александр Шлеменкомен (62-15-1) кез­де­седі.
ММА аңызымен жекпе-жек өткізеді
703
оқылды

«Ресми! Александр Шлеменко vs Қуат Хамитов. Бүгін, 20 тамызда Ресей ММА аңызы Александр Шлеменкомен айқас өткізу туралы Top Fight ли­гасының басшысы Марат Сидикеевпен келісімшарт жасалды. Тур­нир қашан, қайда өтетінін кейінірек білесіздер», -деп жазды Хамитов өзі­нің Instagram парақшасында. 

Қуат Хамитов өзінің кейінгі жек­пе-жегін мамыр айында өткізді: ол Ал­матыдағы Hardcore MMA лига­сы­ның турнирінде өнер көрсетіп, төре­ші­лердің бірауыз шешімімен ресейлік За­лимхан Юсуповтан (19-15) басым түс­­ті. Александр Шлеменко кейінгі рет торға шілдеде кіріп, бірінші раунд­та бразилиялық Алекс Оливейраны (25-15-1) сабмишнмен жеңді.